Алматы дәрігерлері жамбас сүйегі сынған 80 жастағы қарияға ота жасады

Алматы дәрігерлері жамбас сүйегі сынған 80 жастағы қарияға ота жасады
Сурет: People.com

Ота сәтті өтті.

Алматылық дәрігерлер жамбас сүйегі сынған 80 жастағы науқасқа ота жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 

ОҚКА баспасөз қызметінің мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға науқас жамбас сүйегі сынып түскен. Қабылдау бөлімшесінде науқастан коронавирус анықталып, дәрігерлер 2 апта бойы КВИ емдеу бойынша ем жүргізген.

Травматолог-дәрігер Қанат Төлеудің айтуынша, әженің жарақаты ауыр болғандықтан, сол сәтте бірден ота жасау қауіпті болды.

«Жасы келген кісі болғандықтан, жамбасына операция жасау өте қауіпті болды. Себебі науқастан КВИ табылды. Сонымен қатар тексеру барысында басқа да ауру белгілері анықталды. Сондықтан біз ең алдымен ота алдындағы дайындықты жүргізіп барып, операция жасадық», - деді Қанат Төле.

Травматологтың айтуынша, ота сәтті өткен. Науқас операциядан кейінгі оңалтудан соң 10 күннен кейін өз бетімен қозғалып жүре бастады. Қазіргі кезде зейнеткердің жағдайы жақсы.