Демалыста күн райы қандай болады

Демалыста күн райы қандай болады
Сурет: ашық дереккөз

 Алдағы демалыс күндері елімізде атмосфералық ауа ағындарының ықпалы жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады және күшті жел соғады.

«22 шілдеде шығыста, 22-23 шілдеде солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды», - деп болжайды синоптиктер.