Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Сурет: Egemen.kz

Елдің оңтүстік өңірлерінде күн 39 градусқа дейін ысиды.

"Қазгидромет" 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Республиканың барлық аумағында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады.

Қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 20 маусым күні болса оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады деп болжануда.

Қазақстанның батысында түнде 12-23 жылы, күндіз 23-36 градус ыстық, ал елдің солтүстітінде 33 градусқа дейін ыстық болады.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы күндіз 34-39 градусқа дейін көтеріледі.