Демалыс күндері алматылықтар үшін қандай спорттық іс-шаралар өтеді?

Демалыс күндері алматылықтар үшін қандай  спорттық іс-шаралар өтеді?
Сурет: Sxodim.com

Қала күнін қалай пайдалы өткізуге болады?

2023 жылғы 16-17 қыркүйекте Алматының түрлі мекенжайларында спорттық-бұқаралық іс-шаралар: «Almaty Urban Fest 2023», ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, бәйге мен веложарыс өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Almaty Urban Fest 2023» қалалық және экстремалды спорт түрлерінің фестивалі екі күн бойы 2 алаңда өтеді. Бірінші күн іріктеу, жексенбіде үлкен финал және жеңімпаздарды марапаттау. Халық Арена аумағында воркаут, чирлидинг, көше биі, армреслинг, роуп-джамп, гір көтеру және стритболдан жарыстар өтсе, скейтбординг, роликтер, скутерлер мен BMX трюктері бойынша жарыстар орталық мәдениет саябағында өтеді. Шараға кәсіпқой спортшылар және әуесқойлар қатыса алады. Жеңімпаздар медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталады. Спорттың 11 түрі бойынша жалпы ақшалай жүлде қоры 6 120 000 теңге. Фестиваль аясында кәсіби диджейдің, рэп-баттлдың, сондай-ақ фестивальдің хедлайнері Нұрболат Қанайдың концерттік бағдарламасы қарастырылған.

Спортшыларға тіркелу http://almatyurbanfest2023.tilda.ws./

Ресми ашылуы 17 қыркүйек сағат 9:15-те.

16 және 17 қыркүйекте қалалық Арбатта армрестлинг, тоғызқұмалақ, бұқа тарту, асық ату және салмақ көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар өтеді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Басталуы 16 қыркүйек 9: 00

16 қыркүйекте Алматы ипподромында бәйге бойынша іріктеу турнирі өтеді. Алматылық шабандоздар құнан, Топ - бәйге және Аламан бәйгеде жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңге үшін жарысады. Бұл турнир 7 қазанға жоспарланған финалға іріктеу кезеңі. Іс-шара қонақтарын Асылбек Ергепов пен Ерболат Құдайбергеннің орындауындағы түрлі концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, фуд-аймақ, сондай-ақ бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны күтеді.

Басталуы 16 қыркүйек 12: 00

17 қыркүйек күні таңертең жалпы қалалық веложарыс өтеді, оған қала мен республиканың атақты велошабандоздары мен спортшылары қатысады. Сондай-ақ, аталған іс-шараға Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Веложарыс «Нұрлы тау» көпфункционалды орталығынан басталады, содан кейін қатысушылар әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп, «Тұңғыш Президент саябағында» мәреге жетеді.

Сөре: Нұрлы - Тау көпфункционалды орталығы, сағат 7: 30

Мәресі Тұңғыш Президент паркінде, сағат 08:20

Тұңғыш Президент саябағында 17 қыркүйекте жыл сайынғы "Алма fest" мерекелік іс-шарасы жалғасады, оның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шаралар: зумба, йога және скандинавиялық серуендеу бойынша жаттығулардың ашылуы жоспарланған.

17 қыркүйек, сағат 10:00-ден басталады. 

Жалпы ақпарат үшін байланыс: Арайлым Әшімова, спорт басқармасының баспасөз хатшысы +77474323588