Дархан Қыдырәлі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Дархан Қыдырәлі Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сурет: Министрлік

Медиа, жастар салалары бойынша ортақ жобалар жасау мәселелерін талқыланды

Бүгін министр Дархан Қыдырәлі Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Д.Қыдырәлі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға қысқаша тоқталып өтті.

Кездесу барысында тараптар медиа, жастар салалары бойынша ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылады.