Дүниені дүрліктірген коронавирус

Дүниені дүрліктірген коронавирус
Сурет: Inbusiness.kz

КВИ дерті жайлағалы біздің елдің ғана емес, дүние жүзінің мазасы кеткені рас. Ауру жұқтыру, вакцина салдыру, адам өмірі үшін күрес – әлемнің назарындағы өзекті тақырып.

COVID-19 таралуына жол бермеу  жөніндегі ВАК телеграм каналы әлем елдерінің ковидтік жағдайына шолу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бангкокта COVID-19 вирусы «дельта» штамының таралуына байланысты коронавирусқа шалдығушылар саны артып, төсек-орын жетіспеушілігі орын алуда. Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету департаменті директорының айтуынша, ірі ауруханалардағы барлық интенсивиті терапия бөлімшелері науқастарға лық толы.

Финляндия билігі 31 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне күшейтілген шектеу енгізуде. Жұмыс уақыты мен алкогольді сату уақытына, сонымен қатар үй-жайға келушілер санына да бірқатар шектеулер белгіленуде.

Таиландта коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі тіркелді – 17 669 жағдай, сондай-ақ COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 165-ке жетіп, антирекордтық көрсеткіш жаңарды.

Сонымен қатар Токиода үшінші күн қатарынан коронавирустық инфекциялардың тәуліктік көрсеткіші өсті, 3 865 жағдай расталды.