«Челсидің» бас бапкері соңғы рет ескерту жасады

«Челсидің» бас бапкері соңғы рет ескерту жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бас бапкер оларға соңғы рет ескерту жасады

Англия Премьер-лигасының 33-турында «Челси» өз алаңында «Эвертон» командасын қабылдап, 6:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Кездесудің 62-минутында «Челси» футболшылары 11 метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алған. Алайда, ойыншылар пенальти тебуге таласып, жанкүйерлер алдында масқарасы шықты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Николас Джексон мен Нони Мадуэке штаттағы пенальтист Коул Палмермен таласып қалды. Соңғысы пенальтиге дейін хет-трик жасап үлгерген. Сондықтан командаластары мүмкіндікті өздері пайдаланғысы келді. Алайда, Палмер допты әріптестеріне бермей, айып добын өзі теуіп, төртінші голын салды.

«Палмер – біздің пенальти тебетін ойыншымыз. Енді мұндай талас қайталанбайды. Футболшылар өздерін балалар секілді ұстады. Бұл ұят. Ойыншыларға соңғы рет болсын деп ескерту жасадым. Бұл қалжың емес», - деді матчтан кейін «Челси» бапкері Маурисио Почеттино.