C. Жақыпова Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі

C. Жақыпова Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 27 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады.

Жұмыс сапары барысында халықпен бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz cала министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ тұрғындарының сұрақтары қаралады.

Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.