Бүгінгі ауа райы мәліметі

Бүгінгі  ауа райы мәліметі
Сурет: Sputnik.kz

Қазақстанның кейбір аумағында жауын-шашын болмақ.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

23 желтоқсанда Алматыда жауын-шашын болмайды. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 7-9 жылы.

«Қазірдің өзінде батыстан антициклон қозғалып жатыр. Оңтүстік облыстар тұрғындарының қуанышына орай, негізінен еліміздің батысы мен солтүстігінде ғана ауа температурасы төмендейді. Мұнда түнде термометр 20-28 градус аязға дейін суық болады», - делінген хабарламада.