Бүгін - Халықаралық жолбарыстар күні

Бүгін - Халықаралық жолбарыстар күні
Сурет: Vlv-mag.com

Ерекше күн!

Жыл сайын 29 шілдеде бүкіл әлемде Халықаралық жолбарыстар күні ретінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл мереке 2010 жылы осы жыртқыш аңның популяциясын сақтау проблемаларына арналған Санкт-Петербургтегі «Tiger Summit» халықаралық форумында бастама болып көтерілген. Форумға жолбарыстар мекендеген 13 елдің өкілдері қатысты. Нәтижесінде 2022 жылға дейін жабайы табиғатта жолбарыстардың санын көбейтуді көздейтін «Жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасы» құрылды.

Жолбарыс (Panthera tigris) - мысық тұқымдас сүтқоректі жануар. Оның денесінің ұзындығы 290 сантиметрге, құйрығы 100 сантиметрге дейін, салмағы 250 килограмға дейін жетеді. Аналықтары аталықтарына қарағанда сәл кішірек келеді. Жолбарыстар көбіне Ресейдің Қиыр шығысында, Қытайда, Үндіқытайда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндістанда таралған. Тропикалық  ормандарды, бамбук қалыңдығын, құрғақ саванналарды, таулы жерлерде 3000 метрге дейін көтеріліп, солтүстігінде тайга мен орманды дала аймақтарында мекендейді. Ол негізінен таңертең және кешке белсенді болады. Жақсы жүзеді. Жануарлар жеке аумақтарда жалғыз ұсталады. Аң аулау кезінде олар биіктігі 5 метрге, ұзындығы 10 метрге дейін секіреді. Ол сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.

Бізге белгілі жолбарыстардың тоғыз кіші түрлері бар. Олардың тек алтауы осы күнге дейін сақталған.

Халықаралық жолбарыстар күні БҰҰ жабайы табиғат қылмыстарына төзбеушілік саясаты негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ әлемдік қауымдастық  жануарларды қорғау және олардың мекендеу орталарын қалпына келтіру шараларын насихаттауға шақырады.

Бұл күні көрмелер, қайырымдылық концерттері, хайуанаттар бағына экскурсиялар, танымдық шаралар өткізіледі. Сонымен бірге сиреп бара жатқан жануар туралы тақырыптық радио және теледидар бағдарламалары таратылады.