Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?
Сурет: Іbilingua.com

Синоптиктер түннің аязды болатынын ескертіп отыр.

«Қазгидромет» РМК Алматы мен Алматы облысында 5 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз +13 +15°C, түнде 3-5 градус», - делінген хабарламада.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с болады. Күндіз термометр +13 +15°C дейін көрсетсе, түнде 1-3 градус аяз болады.

Алматы облысында күндіз +10 +15°C, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +6°C. Түнде 0 +5, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда -3°C аяз. Таулы аудандарда қар жауады, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.