Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады

Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады
Сурет: Gmirk.kz

Бұл көрме – Қазақстан Қолөнершілер одағы мен республика шеберлерінің өзіндік есебі.

2021 жылы 5 қарашада сағат 15.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурс  Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың  басшылығымен 11 жыл бойы өткізіліп келеді.

Көрмеге келген қонақтар халық ісмерлерінің дәстүрлері мен қиял әлеміне қол жеткізе алады. Экспозицияның негізін Республикалық «Шебер» конкурсы мен «ЮНЕСКО сапа белгісі» халықаралық конкурсы жеңімпаздарының жұмыстары құрайды. Мұнда жүзден аса бұйым бар. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қол өнері мен Қазақстанның заманауи қолданбалы өнері туындыларының барлық саласы түгел дерлік көрсетіледі. Олардың ішінде киізден жасалған бұйымдар, зергерлік өнер, кесте – біз кесте, қыш, ағаш ою, металды көркемдеп өңдеу, тоқыма және дәстүрлі киімдер бар.

Конкурстың мақсаты – республикада қолөнерді дамыту, халықтық сәндік-қолданбалы өнердің ұмытылған түрлерін жандандыру, қолөнер шеберлерін Республикалық конкурстарға қатысуға тарта отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде көшпелі консультациялар мен шеберлік сабақтары арқылы оларға көмек көрсету. «Шебер» фестивалі шығармашылық процеске дем беріп, ұлттық өнерді насихаттайды. Бұл қалалықтар үшін үлкен мереке, туристер үшін Алматының көркін арттыру мақсатында жұмыс істейтін отбасылар үшін тамаша демалыс.

Көрмені 2021 жылдың 5 желтоқсанына дейін тамашалауға болады.