Бұршақ жауады

Бұршақ жауады
Сурет: ашық дереккөз

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 31 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.