Apple Iphone-ның жаңа нұсқасын 12 қыркүйекте таныстырады

Apple Iphone-ның жаңа нұсқасын 12 қыркүйекте таныстырады
Сурет: modern.az

Тікелей эфирде "Ғажайыптарға шөлдеу" атты тұсаукесер өтеді.  

Apple компаниясының жаңа тұсаукесері 12 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы компанияның сайтында жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, пайдаланушылар iPhone 15 желісі мен жаңа Apple Watch сағатын таныстырады деп күтілуде.

Уолл-стрит сарапшылары әлемде смартфондарға сұраныстың төмендеуі жағдайында Apple өзінің флагмандық құрылғысының бірқатар жаңа мүмкіндіктерімен сатып алушыларды тартуға тырысатынын айтты.