Алматыда «қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады

Алматыда «қалалық балаларды оңалту орталығы»  ашылады
Сурет: Atr.kz

Медициналық инфрақұрылымды жетілдіру шеңберінде 2024 жылы бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында заманауи «Қалалық балаларды оңалту орталығы» ашылады.

Ол үшін әкімдік IV тоқсаннан бастап ғимаратты қайта жаңартуды бастайды, 2024 жылы жұмыстарды аяқтайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жыл соңына дейін Әйтеке би көшесіндегі  ескі ғимаратты бұзу арқылы ревматологиялық орталықтың орнында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жобасы әзірленетін болады. Объектінің құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз.