Биыл Алмалы ауданында 77 аула ретке келтіріледі

Биыл Алмалы ауданында 77 аула ретке келтіріледі
Сурет: Inform.kz

Қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Аудан халқымен кездескен мегаполис басшысының айтуынша, жайлы қалалық ортаны құру мақсатында әкімдік 2023 жылы Алмалы ауданының 77 ауласын ретке келтіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қоғамдық кеңістікті жаңарту жұмыстары жалғасуда. Мамыр айында Күләш Байсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесінде өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары аяқталады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Әлия мен Мәншүк скверін реконструкциялау жұмыстары және тағы алты сквер мен Дүйсенов көшесіндегі жаяу жүргіншілер көшесін жаңғырту мен көгалдандыру жұмыстары басталады.

2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн. теңгеге 39 жоба орындалды. 2023 жылы тұрғындардың өтініштері бойынша ең көп дауыс жинаған 17 жоба іске асырылатын болады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, мен осы жобаларды іске асыруға биыл қаланың барлық сегіз ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдадым», - деді қала басшысы бүгінгі кездесуде.