Бұл күн - еліміздің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізудегі батыл қадамы - Ерлан Қарин

Бұл күн - еліміздің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізудегі батыл қадамы - Ерлан Қарин
Сурет: Egemen.kz

Неліктен Республика күні елдің басты ұлттық мерекесі болды?

Бұл сұраққа Мемлекеттік кеңесші өзінің телеграм арнасында жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ерлан Қарин өз жазбасында бұл күнді еліміздің шынайы тәуелсіздікке қол жеткізудегі батыл қадамының басты символы деді. 1990 жылы Жоғарғы Кеңестің отырысында қызу пікірталастан кейін Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған еді. Жалпы жобаны әзірлеуге 5 ай уақыт кетті. Оған депутат, ғалым, қоғам қайраткерлері атсалысты.

Осылайша, 1990 жылы 25 қазанда ел егемендігін алуға алғашқы қадам жасалды. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші 1995-2001 жылдары ол ұлттық мереке болғанын еске алып, былтыр Президент бұл мерекені қайта қалпына келтіргенін атап өтті.