Жаңбыр арты қарға ұласады

Жаңбыр арты қарға ұласады
Сурет: ашық дереккөз

Сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жүреді. Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр, арты қарға ұласады деп күтілуде, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республика бойынша тұман болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталып отыр.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.