Бүгін кешке Алматыда қатты жаңбыр жауады

Бүгін кешке Алматыда қатты жаңбыр жауады
Сурет: Inform.kz

Мамандар абай болуға шақырды.

«Қазгидромет» мамандары дауылды ескертуіне сәйкес, Алматы қаласында 4 мамыр кешке және 5 мамыр түнде қатты жаңбыр болатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

4 мамыр танертең және күндіз, 5 мамыр тәулік ішінде найзағай күтіледі. 05 мамыр бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

«Сонымен қатар, таулы өңірлерге қатты жауын-шашын болжамына байланысты 2022 жылдың 4-6 мамыр аралығында Алматы облысының және Алматы қ. маңындағы таулы аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Абай болыңыздар!» - делінген Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.