Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Almaty-akshamy.kz

Қазгидромет ел аумағында 3 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ түседі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.

«Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі бар», - деп жазды синоптиктер.