Бүгін доллар қымбаттады

Бүгін доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz

Мұнай бағасы да сәл өсті.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,35 теңгеге көтеріліп, 451 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланға бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,40 теңге (+0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 492,31 теңге, рубль бағамын 5,52 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 451-454 теңге, еуро 494-500 теңге, ресей рублі – 5,4-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.