Бүгін доллар 452,51 теңге болды

Бүгін доллар 452,51 теңге болды
Сурет: Jasqazaq.kz

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағасы сәл арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 452,51 теңгені құрағанын хабарлады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450-453 теңге, еуро 490,5-495 теңге, ресей рублі 5,01-5,25 теңге аралығында сатылуда.

Ұлттық банк еуро бағамын 495,68 теңге, рубльді 5,22 теңге деп белгіледі.