Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Астана мен Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: 24.kz

Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«26 қараша күні Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.