Бүгін Алматыда метеоахуал қолайсыз болады

Бүгін Алматыда метеоахуал қолайсыз болады
almaty-akshamy.kz

2 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Шымкент, Алматы қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.