Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі келді

Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі  келді 24 kz

Қазақстанға ресми сапармен Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан келді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Сапар барысында екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүреді. Сарапшылардың айтуынша, тамырлас елдер табысты ынтымақтастыққа мүдделі.



Қазақстан мен Мажарстанның берік байланысын тарихтың өзі біз үшін шешіп қойған. Әлімсақтан түркілердің ұрпағы саналатын мажарлармен діліміз бен мәдениетіміз ұқсас. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де Венгрия алғашқылардың бірі болып стратегиялық серіктестік туралы Декларацияға қол қойды. Дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 2 сәуірде басталды. Содан бері сауда-экономикалық байланыс белсенді дамып, түрлі салада ынтымақтастыққа қол жетті.



Биыл Қазақстан мен Мажарстанның тауар айналымы шамамен 25 пайызға өсіп, 130 млн долларға жуықтады. 2005 жылдан бері мажарлар экономикамызға 318 млн доллар инвестиция салды. Қазақтың қалталылары да тамырлас елге аз-маз қаржы құйып отыр. Экономистердің пайымынша, сапар кезінде мұнай және білім саласындағы ынтымақтастыққа басымдық беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52