Бразилияда алапат тасқыннан қалалар суға кетті

Бразилияда алапат тасқыннан қалалар суға кетті
Cурет: 24.kz

400 мың тұрғын зардап шекті

Бразилияның солтүстік-шығысында алапат тасқын 2 бөгетті бұзып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.
Толассыз жауған жауыннан өзендер тасып, аймақта жалпы 67 қала мен бірталай елді мекенге су жайылды.

 Көпірлер, жолдар мен үйлер қирап, 400 мың тұрғын зардап шекті. Баспанасыз қалған халық билік тарапынан эвакуациялау және зәру заттармен қамтамасыз ету бойынша тиісті көмек көрсетілмей жатқанын айтады. 

Абырой болғанда, құрбан болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Метерологтар өңірде әдеттегіден 6 есе көп жауын-шашын түскенін хабарлады.