Бразилияда шетелдік туристер бақылануда

Бразилияда шетелдік туристер бақылануда
Сурет: Novostipmr.com

Бразилиялықтар індеттің алдын алуға кірісті

Бразилия әлемде "омикрон" штамының таралуына байланысты шетелдік туристерді бақылауды қатаңдатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Ертеңнен бастап осы елге келген вакцина салдырмаған туристер 5 күн карантинге жабылады. Содан кейін ПТР-тест тапсырады.

Бұған дейін туристер тек Бразилияға ұшар алдында ПТР-тест тапсырып, оның нәтижесін осы елдің реттеуші органына тапсыруы тиіс болатын.

«Біз елге келетін қонақтардан тек вакцина салдыруын сұраймыз. Шетелдіктер мейрамхана, дәмхана және қонақүйлерде ковид-төлқұжаттың талап етілетінін ұмытпауы тиіс», - деді Рио-де-Жанейро қаласының  мэрі Эдуардо Паес.