Бостандық ауданының 98 көшесі жөнделді

Бостандық ауданының 98 көшесі жөнделді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

8 бағдаршам  орнатылады.

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қай көшелердің жөнделгенін, тағы қай жерлердің жақсартылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Орталықсыздандыру аясында ауданда 98 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді, онда жол жабыны төселді, 330 дана люктер мен жаңбырқабылдағыштар көтерілді. Сондай - ақ, жиектер мен жиектастар тазартылып, 9 320,05 м2 алаңға брусчатка төселіп, 5 қалқымалы люк орнатылды», - деп бөлісті С.Алин.

Бұдан басқа, 8 бағдаршам объектісін орнату жоспарлануда. Оның ішінде төрт бағдаршам: Гагарин-Березовский, Розыбакиев-Березовский, Розыбакиев-Ходжанов, Жароков-Си Синхай, қалғандары Әуезов-Өзтүрік, Садықов-Роза алқабы, Жандосов көшесінен оңтүстікке қарай Манас, ҚазҰУ бойынша шақыру түймесі бар реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінде орнатылады.

Санжар Алин 2023 жылдың сәуір айынан бастап сыртқы жарықтандыру желілерін ұстау және салу бойынша функциялар аудан әкімдіктеріне берілгенін еске салды. Осыған байланысты 48 көше мен өтпе жолдарда ұзындығы 19,7 км 608 дана жарық нүктелері мен 594 дана тірек орнатылады.

Бостандық ауданында ұзындығы - 659,63 км 23 388 жарық нүктесі орнатылды, оның ішінде 7 546-сы аулаішілік.