Бостандық ауданының 16 мың тұрғыны үздіксіз газбен қамтамасыз етіледі

Бостандық ауданының 16 мың тұрғыны үздіксіз газбен қамтамасыз етіледі
Сурет: ашық дереккөз

Тамыз айында Бұқар Жырау көшесінің Т. Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігіндегі 1,5 км орташа қысымдағы жерасты газ құбырын реконструкциялау басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жұмыстар 2023 жылдың қазан айында аяқталады. Бұл 16 мың тұтынушыны үздіксіз газбен қамтамасыз етеді», - деді ол.

Бұған қоса, сумен қамту қызметтерін жеткізу сапасын арттыру үшін ауданда 6,1 км су құбыры желілері қайта жаңартылуда. Жұмыс қазан айында аяқталады.