Бостандық ауданында 2 емхана, 5 мектеп салынады

Бостандық ауданында 2 емхана, 5 мектеп салынады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама алынады.

Бостандық ауданында 500 орындық 2 емхана салу жоспарлануда. Біреуі-Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабекова көшесінің қиылысында, екіншісі -Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин атап өткендей, екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама алынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, емхананың №4,№12 емханалардың балалар бөлімшесі корпустарын күрделі жөндеу жоспарланған.

Балалардың шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы қабылдау бөлімі корпусының құрылысы жалғасуда.

 Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Бостандық ауданында 8000 орындық 5 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде: "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп мына жерлерде салынады: Егізбаев,9 мекенжайда 2500 орындық , Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында 1500 орындық және Розыбакиев – Қожабеков қиылысында 2000 орындық.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында "РАМС Қазақстан" Құрылыс компаниясы 2024 жылдың соңына дейін РАМС City аумағында 1100 орындық мектеп пен 240 орындық 2 балабақша салуды жоспарлауда.

"АДК" со ауданында "BAZIS" құрылыс компаниясы қыркүйек айынан бастап 900 орындық мектеп салу үшін "Конкрит продакшн" ЖШС зауытын бұзуда.

Сондай-ақ, №65 мектеп  қосалқы нысанының, сөйлеу қабілеті ауыр балаларға арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернатында тамақ және оқу блогының құрылысы аяқталды.

Орбита-3 шағын ауданындағы №145 мектепті сейсмикалық күшейту, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады.Бостандық ауданының әкімі атап өткендей, биыл қосымша 603 орындық 15 жеке балабақшалар ашылды.