Дамир Жалғасбай Минскте өткен турнирде топ жарды

Дамир Жалғасбай Минскте өткен турнирде топ жарды
Cурет: Inbusiness.kz

Tennis Europe турнирі

Ол Минск қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Дамир әуелі белоруссиялық Станислав Балибенкомен бірге жұптық сын финалында Владимир Кадобине (Беларусь) – Артемий Лазаревті (Ресей) 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал жекелей сында соңғы бәсекеде ғана ресейлік Алексей Фроловқа есе жіберді – 4:6, 1:6.