Бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді

Бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді
gov.kz

Tanda.enbek.kz-те бос жұмыс орындар бойынша тұрақты түрде өңірлік жәрмеңкелер өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу мүмкіндігі іске асырылды. 

Онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Әрбір жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.

Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.

Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те әртүрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп,  оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысты.