Боливия мен Дубайды су басты

Боливия мен Дубайды су басты
Сурет: youtube.com

Боливия астанасы Ла-Пастада толассыз жауған жаңбыр салдарынан Хуайлани өзені арнасынан тасып, көшелер мен үйлерді су шайып жатыр.

Кей жерде лай көшкіні жүрген. Қала мэрі Иван Ариас 1 тұрғынның қаза болғанын хабарлады. Халық үкімет тарапынан көмектің жеткіліксіз екенін айтады. Адамдар қажет заттарын алып, қауіпсіз жер іздеп кеткен. Табиғи апатқа климат өзгерісі себеп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дубайды да су басып жатыр. Қалада нөсер құйып, найзағай ойнады. Әдетте жаңбыр аз жауғандықтан, шаһардың инфрақұрылымы тасқынға дайын болмай шықты. Суағарлардың жоқтың қасы. Көлік қозғалысы қиындаған. Тіпті әуежайдағы 13 рейс басқа қалаларға жіберілді. Билік адамдарға сыртқа шықпауды, жағажайға жақындамауды және көлікті абайлап жүргізуді ескертті. Метеорологтар қолайсыз күн райы әлі жалғасатынын айтады.