Алматыда салынып жатқан үй өртенді

Алматыда салынып жатқан үй өртенді
Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге 11 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

14 қараша күні түс кезінде Алматының Түрксіб ауданына қарасты Қайрат ықшамауданында уақытша баспанадан шыққан өрт салынып жатқан екі қабатты үйдің шатырына жайылды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минут ішінде жетті. Олар құрылыс материалдарынан өрттің тез тарағанын хабарлады.

ТЖД бір адам зардап шеккенін хабарлады. Ер адам өртті өз бетімен өшірмек болған. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.