Болгарияда Семей ядролық полигонына арналған фотокөрме ашылды

Сурет: ашық дереккөз

Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми-қосалқы мекемелердің бірі – Софияның астаналық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аталған іс-шараға Қазақстанның Достар клубының мүшелері, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде осы атаулы күннің біздің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның әлемді ядролық қарудан азат құру саласындағы жаһандық бастамаларына ерекше назар аударды.

Болгариядағы ең ірі мәдени-ағарту және ғылыми-қосалқы мекемелердің бірі – Софияның астаналық кітапханасында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигоны жабылуының 32 жылдығына арналған тақырыптық фотокөрме ашылды.

Аталған іс-шараға Қазақстанның Достар клубының мүшелері, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде осы атаулы күннің біздің халқымыз үшін маңыздылығына және Қазақстанның әлемді ядролық қарудан азат құру саласындағы жаһандық бастамаларына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, астаналық кітапхананың директоры Юлия Цинзова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы нақты ұстанымын және баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз - әлемдік аренадағы жауапты мемлекеттің нағыз үлгісі.

Софияның астаналық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған фотокөрме 2023 жылдың 8 қыркүйегіне дейін ашық болады.