Болат Атабаев жайлы деректі фильм түсірілді

Болат Атабаев жайлы деректі фильм түсірілді
Сурет: ФБ

Фильмді көру тегін.

Ертең журналист Қанат Тілеуханның марқұм Болат Атабаев туралы түсірген «Мың жылдық ойын» деректі фильмінің тұсаускесері өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Көрнекті режиссер Болат Атабаев жайлы көктемде қолға алынған деректі фильміміз бітті. Енді өздеріңіздің назарларыңызға ұсынғымыз келеді. 2021 жылы Болат Атабаевтың 70 жылдығы еді. Соған орай түсірсе деген әуелде ой болған. Бірақ оның реті биыл келді», – деп жазды жоба авторы өзінің ФБ парақшасында.

Премьераның уақыты: 21 желтоқсан, сағат 18:30-да. Мекен жайы: Алматы қаласы, Бәрібаев көшесі 36, «Трансформ» өнер кеңістігі.