Болашақтың мамандықтарын білесіз бе?

Болашақтың мамандықтарын білесіз бе?
Сурет: Іnteractiv.su

Мамандықа қатысты пайдалы кеңестер

Қазір әлем өзгеруде, келешектегі мамандықтар тіпті басқа болуы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Miridei.com сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы мейірбикелер, тәрбиешілер және электронды сауданың мамандары ең көп сұранысқа ие болуда. Сол сияқты алдағы уақыт бізді басқа арнаға қарай бұруы мүмкін.

Бүгінде ғылыми технологияның дамуына көз ілеспейді. Болашақта сандық маркетинг, VR қызметтері және жалпыға ортақ сақтандыру саласындағы қызметтерге қызығушылық артпақ.

Сонымен, алда  сұранысқа ие бола алатын  мамандықтардың бірнешеуін қарастырайық. 

Нутрициолог
Келешекте тағамтану саласындағы кеңесші маман болады.  Ол нутрициология саласындағы емдік шаралар мен пайдалы кеңестер беретін кеңесші қызметтерін қоса атқарады.

Жоғары біліктілік пен мол тәжірибесін қолданып, олар ауруханаларда (мемлекеттік және жеке), амбулаторлық-емханалық мекемелерде, ғылыми-зерттеу институттарында және т.б орындарда жұмыс істеуі мүмкін.

Виртуалды әлем дизайнері
Виртуалды шынайы өмірді тез алмастырады. Тек VR көзілдірігін киіп, сіз кез келген қиялдар орындалатын параллель әлемге телепортация жасай аласыз. Кейбір елдерде ғылым мен техниканың бұл таңғажайып жетістігі бұрынғыдан жаңа деңгейге көтерілуде. Виртуалды әлем неғұрлым жарқын және әсем болса, онда сіз сонда соншалықты ұзақ болғыңыз келеді. Бұл әлемнің атмосферасын  дизайнерлер немесе вебсәулетшілер жасайтын болады.

Ойын педагогы
Дүниеде білім беру саласы жиі өзгерістерге ұшырайды. Оның мақсаты бір ғана. Яғни заманға сай болу. Прогрессивті мұғалімдер балалардың назарын оқуға аудару үшін қазірдің өзінде телефон қосымшаларын, танымал ойындар немесе қораптар арқылы түрлі тәсілдерді қолданады. Аталған ойын педагогикасы ойын мен классикалық оқытуды біріктіреді. Бұл тақырыптық нұсқаулықтарды әзірлеуде немесе балалармен тікелей жұмыс жасауда өз әсерін бермек.

Ковид-менеджер
Ковид-19 вирусының әлемде қарқынды таралуының екі жылында компаниялар, мекемелер, жұмыс орындардың ұйымдық құрылымы айтарлықтай өзгерді. Сол себепті - ковид-менеджер немесе «денсаулық сақтау саласындағы аймақтық органмен үнемі өзара әрекеттесетін, аурудың алдын алу және бақылау шараларын үйлестіруші» деген маман пайда болуы ықтимал. Ковид-менеджер пандемия кезінде қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалайды. Сондай-ақ азаматтарды уақтылы қарап, тексеруден өткізуді ұйымдастырады.

Алдағы заманның мамандықтары бұдан да өзгеше, тіпті біз елестете алмайтын сенсацияларға толы болуы да ғажап емес.