Болашақ физиктер елдегі ғылым мен білімнің дамуын жақтайтын жастар қозғалысын қолдайды

Болашақ физиктер елдегі ғылым мен білімнің дамуын жақтайтын жастар қозғалысын қолдайды
almaty-akshamy.kz

Бүгін Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшiмiз бiрлiкте» жастардың үлкен фестивалі өтті. Іс-шараға мегаполистің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

ҚазҰПУ бірінші курс студенттері Айым Марат пен Аяжан Күнтуған фестивальге тиянақты дайындалды, «Жаңа Қазақстан» логотипі бар кеудешелер киді.

Қыздар елдегі ғылым мен білімнің дамуын жақтайтын жастар қозғалысын қолдайды.

Қазақстан туы көтерілген іс-шарада студент қыздар «Жаңа Қазақстан. Күшiмiз бiрлiкте» деп ұрандады.

Айым мен Айжан басқа топтармен бірге ҚР Президентінің Жолдауын тыңдағандарын және Жаңа Қазақстанды құру идеясына қосылатындарын айтты.