Бокстан «Страндж» турнирі: Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге өтті

Бокстан «Страндж» турнирі: Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Асылқұлов 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1/16 финалда 57 келіге дейінгі салмақтағы О.Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен жұдырықтасып, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті Ирландия боксшысына берді.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов жарыстың келесі кезеңіне өтіп, онда Луис Оливейра (Бразилия) - Джамал Харви (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетін болады, деп жазды Sports.kz порталы.

Асылқұлов 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған. «Страндждағы» алғашқы қарсыласы - Ирландия чемпионы Джуд Галлахер, ол - Достастық ойындарының алтын және жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.