Боксшы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жек спортына ауысты

Боксшы Фируза Шәріпова аралас жекпе-жек спортына ауысты
Сурет: Meta-rating.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова ММА спортына ауысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайында ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Айтуынша, 30 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтетін атақты Alash Pride промоушенінің турнирінде алғаш рет бақ сынайды. «Менің осы жарысқа қатысатыным биылғы наурыз айында шешілген болатын.

Сол кезде Дубайда өткен халықаралық EXPO 2020 көрмесінде Alash Pride KZ клубының президенті Данияр Қасқарауовпен кездесіп, келісімге келдік» деп жазады Фируза Шәріпова. Қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз. Оның есімі жақында жарияланады дейді спортшы. Естеріңізде болса, 2019 жылы Фируза Шәріпова спортпен қош айтысып, сәбилі болған еді.

Дегенмен арада бір жыл өткенде 25 жастағы спортшы кәсіби боксқа қайта оралған. Сол жылы Қазанда өткен кәсіби бокс кешінде IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы атанды. Ол танзаниялық Хэппи Даудимен рингке шықты. Ал былтыр желтоқсанда жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлордан жеңіліп қалған еді. Қазақстандық кәсіпқой бокста осымен екінші рет жеңіліске ұшырады.

Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.