Біз тәжірибелі кадрларды бағалауымыз керек – Смайылов

Біз тәжірибелі кадрларды бағалауымыз керек – Смайылов
www.inform.kz

Мұғалімдерді "қағазбастылықтан" арылтып, есеп беру жүктемесін азайту қажет 

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"Педагогтерді аттестациядан өткізу рәсімдерін жетілдіру қажет. Мұғалімдерді "қағазбастылықтан" арылтып, есеп беру жүктемесін азайту қажет. Біз тәжірибелі кадрларды бағалап, мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуіміз керек. Оқу-ағарту министрлігі бұл үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы тиіс", – деді Премьер-Министр.