Біржан Хасанғалиев өз учаскесінде дауыс берді

Біржан Хасанғалиев өз учаскесінде дауыс берді
almaty-akshamy.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Біржан Хасанғалиев Алматы қаласында өзі тіркелген №65 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Біржан Хасанғалиев дауыс беру әр азаматтың борышы деп санайды. Әрі барша қазақстандықты саяси науқанға белсенді қатысуға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Құрметті қазақстандықтар! Президент сайлауы - біздің еліміз үшін өте маңызды саяси іс-шара. Бүгін мен де 65-ші учаскеге барып, дауысымды бердім, таңдауымды жасадым. Сіздерді де өзіңіздің азаматтық борышыңызды атқаруға шақырамын. Бәріміз сайлаудан қалмайық», - деді әнші.

Айта кеткен жөн, Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс бере алады. Ал тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтар үшін 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.