Бір жылда ірімшіктің бағасы 31,4 пайызға қымбаттады

Бір жылда ірімшіктің бағасы 31,4 пайызға қымбаттады
Сурет: Gastronom.ru

Алматыда ірімшіктің келісі орта есеппен 4700 теңге.

Ұлттық статистика бюросы қазан айында қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4378 теңге болғанын мәлімдеді, деп жазады Almaty-akshamy.kz

Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда, бұл өнім бағасы 31,4 пайызға өсіп отыр.  Статистика мамандарының айтуынша, ең қымбат ірімшік құны Қарағандыда тіркелген. Мұнда ірімшіктің орташа бағасы келісіне - 5356 теңге.

Астанада ірімшіктің орташа бағасы 4880 теңге, Алматыда ірімшіктің келісіне орта есеппен 4700 теңге, Таразда 4782 теңге. Ең төмен баға Қонаев қаласында тіркелді, мұнда ірімшіктің келісі орта есеппен 3153 теңге тұрады.

2022 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% аз.

Қазақстандық ірімшік-сүзбені ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды. Бізге аталмыш тауар импорты Ресей, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.