Бір тәулікте 609 алматылық COVID-19 дертіне қарсы екпе алды

Бір тәулікте 609 алматылық COVID-19 дертіне қарсы екпе алды
Сурет: Inform.kz

58 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды.

Алматыда бір тәулік ішінде 609 адам КВИ-ға қарсы вакцина алды. Оның ішінде 1-ші компонентін 172 адам, 2-ші компонентін 437 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 13 наурызы аралығында қалада 1 150 110 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 112 300 адам екінші компонентін салдырған», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 58 696 адам салдырды. Оның ішінде 3 351 жүкті әйел, 12 867 бала емізетін ана және 42 369 жасөспірім бар.

263 632 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакциналау пункті жұмыс істейді. 175 вакциналау бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды», - делінген Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.