Қаңтар айында қолды болған 2000-нан аса қару әлі де табылмады

Қаңтар айында қолды болған 2000-нан аса қару әлі де табылмады
Сурет: Egemen.kz

Жалпы, үш мыңға жуық қару-жарақ тоналған.

Қаңтар айындағы оқиға кезінде ұрланған екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлерде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Ұрланған қарулардың ішінде автоматтар, мылтықтар, тапаншалар, гранатометтер, сондай-ақ гранаталар бар. Бейбіт тұрғындарға бұл қарулардың қажеті жоқ екені түсінікті. Ол елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін ұрланған. Айтылған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тергелуде», -  деді Бас прокурор.

Ол Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарынан 800-ге жуық атыс қаруы ұрланғанын айтты. Олардың арасында  262 автомат, 501 тапанша, 12 гранатомет, пулемет, 60 мыңнан астам оқ-дәрі бар.
Аңшылық дүкендер мен құқық қорғау және арнайы органдардың қару-жарақ арсеналдарынан үш мыңға жуық қару ұрланған, олардың тек 771-і табылған.