Бір миллионнан астам алматылық КВИ-ға қарсы екпе алды

Бір миллионнан астам алматылық КВИ-ға қарсы екпе алды
Сурет: News.un.org

Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны 9 миллионнан асты.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 5 мамыр күнгі мәліметі бойынша, I компонентпен вакцина алғандар саны  9 487 193 адамға жетті, ал II компонентпен алғандар саны 9 249 491 адам болды.

PFIZER вакцинасын алған адамдар саны бір миллионнан асты.