«Бір мезетте бір дұға»

«Бір мезетте бір дұға»
Сурет: интернеттен

Бас мүфти Наурызбай қажының игі бастамасына мешіт имамдары мен жамағаты үн қосты.

Қазақстандағы өңірлерде су тасқыны болып жатқанына байланысты еліміздің барлық имамы бір мезетте дұға оқыды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бір мезетте бір дұға» игі бастамасына еліміздің барлық өңірінде мешіт имамдары мен жамағаты үн қосып, су тасқынына байланысты Құран оқып, дұға жасады.

«Атап айтқанда, жамағатпен бір мезетте дұға жасау Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудандарында құптан намазы алдында ұйымдастырылды. Имамдар жамағатпен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге жеңілдік тілеп, Алла Тағаладан елдің амандығы мен тыныштығын сұрап дұға тіледі», делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарламасында.