Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан халқына үндеу жолдады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан халқына үндеу жолдады
Сурет: Тіme.kz

2022 жылы жеті мыңдай адам зейнетақы жинақтарын алды

БЖЗҚ зейнетақы тағайындауға уақытында өтініш беруді ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Зейнеткерлік заңнамаға сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар белгіленген кесте бойынша міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы: ерлер – 63 жасқа толғанда, әйелдер – 61 жаста (2028 жылға дейін), сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер мерзімсіз белгіленеді", – делінген хабарламада.

2022 жылы зейнет жасына жеткен, БЖЗҚ-да зейнеақы жинақтары бар, бірақ оны алуға уақытыл өтініш бермеген жеті мыңдай адам зейнетақы жинақтарын алды. Оның 4,5 мыңы әйелдер, 2,5 мыңы ер азамат.

Бұған дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары өсіп жатқаны белгілі болған. 1 наурыздағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушылардың) жеке шоттарында 15,13 трлн теңге көлемінде зейнетақы жинақтары болды.