Биыл індетке қарсы күреске қанша қаражат бөлінеді?

Биыл індетке қарсы күреске қанша қаражат бөлінеді?
Сурет: Egemen.kz

COVID-19-ға қарсы күреске 100 млрд теңге бөлінеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Биыл індетке қарсы күрес жұмыстарына 100 млрд теңге бөлу жоспарланған. Осы бағытта вакцина сатып алу, науқастарды емдеу, сондай-ақ қауіпті жағдайда жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу ескерілген», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі бюджет былтырға қарағанда алты есе төмен екенін нақтылады.