Биыл ғалымдарға арналған үш гранттық қаржыландыру байқауы жарияланған

Биыл ғалымдарға арналған үш гранттық қаржыландыру байқауы жарияланған
Сурет: Astana.atameken.kz

Оның ішінде жас ғалымдарға, коллаборацияға, қысқа мерзімді, жеке гранттар бар.

Бұл туралы Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді. Оның айтуынша, 2022-23 жылдарды қамтитын байқаудың жалпы жүлде қоры – 74 миллиард теңге. Бұрын бұл конкурстар үш жылда бір рет өтсе, енді жыл сайын ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар да қарастырылған.

«Қазіргі таңда Ұлттық ғылыми кеңестер жұмысының форматы өзгерді. Жетекші ғалымдар наукометрия негізінде таңдалып, кеңес құрамдары 85%-ға жаңартылды. Кеңес отырыстарының міндетті онлайн-трансляциялары, нақты критерийлер арқылы жобаларды қаржыландыру бойынша ашық дауыс беру енгізілді»,- деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки.